Ресейде, Өзбекстанда, Тәжікстанда, Монғолия және Қытайда тұратын қазақтардың өмірін баяндайтын «ҚИЫРДАҒЫ ҚАЗАҚТАР» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

 Аталған жоба Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Қазконтент» АҚ e-history.kz  порталының негізінде 2017 жылдың маусым айында басталған. 
Бұл жоба Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың төрағалығымен        Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының 25-жылдығына арналған. 
Деректі фильмнің мақсаты – ұлттық сананы және төл тарихты жаңғырту, сонымен қатар алыс-жақын шетелдерде тұратын қазақтардың отанға қайтып оралуын насихаттау. 
«Бұл жоба Мемлекет басшысының «Рухани Жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде жүзеге асқан. Ең бастысы, бұл жобаны тек бастама деп білеміз. Шетелде 5 миллионға жуық қазақтың тұрып жатқаны бізге мәлім. Олар үшін бұл жоба аса маңызды болып табылады» - деді Дәурен Абаев.
Тұсаукесерге мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ басшылары, ғалымдар, тарихшылар, блогерлер мен журналистер қатысты.  

Анықтама ретінде:
Қазақтардың өмірін баяндайтын фильмнің түсірілімдері келесі қалаларда өткен: 
1. Астрахань (Ресей),
2. Улан-Батор (Моңғолия),
3. Ташкент (Өзбекстан),
4. Душанбе (Тәжікстан).               
Деректі фильм қазақ тілінде түсірілген, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған. Фильм әр сериясының ұзақтығы 40 минуттық 8 сериядан тұрады. 

 

Источник: http://mic.gov.kz