Онлайн-конференция – тиімді PR-құрал болып табылады. Бұл сайт пайдаланушылары мен конференцияның ұйымдастырушыларымен бетпе-бет қарым-қатынас ретінде саналады. Бұл қарапайым және ыңғайлы, әрі пресс-конференцияға қарағанда тиімді. 

Онлайн-конференция кімге қажет?

Конференция компаниялар үшін клиентпен тығыз қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді, Сіз өзіңізбен бірге жұмыс жасайтын және серіктес болуға ниет білдірген адамдар үшін ең қызықты нәрселерді тікелей біле алатын боласыз. Сіз бүгінгі күні қандай мәселелер өзекті екендігін біле аласыз, сонымен қатар аудиторияға ұсыныстарыңызды білдіріп, нәтижесінде олардың сізге деген бейімділігін арттырасыз.     

Конференция клиентке қатысты ашықтық беделді нығайтуға ықпал етеді, яғни компания тікелей диалог құра алады, өзіне қатысты сын пікірлерді назарға алып, кез келген сұрақтарға жауап береді.    

Көрме, форум және басқа іс-шаралардың ұйымдастырушылары үшін онлайн-конференция кез келген іс-шара бағдарламасының керемет қосымшасы ретінде болуы мүмкін. 

Әрбір саланың кәсіпқой мамандары үшін бұндай конференция - шын мәнінде виртуалды дөңгелек үстел, географиялық орналасуына қарамастан әріптестермен қарым-қатынас орнату орны болып табылады. 

Билік және мемлекеттік мекемелердің өкілдері үшін бұндай механизм азаматтармен және кәсіпкерлермен өзекті мәселелер жөнінде қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. 

Онлайн-конференцияның артықшылықтары неде? 

Онлайн-конференцияны қатысушыларды тіркеу (мысалы, БАҚ-тың журналистерін тарту талап етілген жағдайда), өз еркімен тіркелу немесе кез келген қатысушы анонимді түрде сұрай қоя алатындай  мүлдем тіркемей өткізуге болады.

Онлайн-конференция – бұл белгіленген уақыт аралығында өтетін оқиға. Сонымен қатар алдын ала сұрақтар қойылатын немесе сайтта ұйымдастырушылардың қатысуымен өтетін режимдер де өткізіледі. 

Әрбір онлайн-конференция баннерлер және басты беттегі хабарландырулар арқылы, сонымен қатар сайттың тіркелген пайдаланушыларына хабарламаларды тарату арқылы біздің жаңалықтар таспасында жарияланады. Біз сайтқа конференция жөніндегі мақаланы электронды нұсқада жариялай аламыз.   

Өткен конференциялар барлық пайдаланушыларға қолжетімді түрде үнемі сайтта сақталады. 

Барлық қосымша сұрақтар жөнінде келесі қызметкерлермен хабарласуға болады:

Тел.: 8 (7172) 79 82 37
8 (7172) 79 82 06 (ішкі 142, 143)
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.