Сайт в процессе наполнения и корректирования. Приносим свои извинения за временные неудобства

КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР
  1. Қоғамдық қатынастар саласының атауы
  2. Қызмет саласы: бұқаралық ақпарат құралдары.
  3. Түрлері: Агенттіктің сайтында жаңалықтар ақпараттарын орналастыру, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, бағдарламалық қамсыздандыру, ақпараттық технологиялар саласындағы кеңес беру және практикалық қызметтер, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар мен жүйелерді қалыптастыру және дамыту шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды басқару бойынша қызмет, деректерді орналастыру және өңдеу қызметтері, веб-порталдар.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын әзірлеушінің атауы
  5. «Қазақпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің» (әрі қарай - Агенттік), әкімшілік және кадрлар бөлімі.  
  6. Қоғамдық қатынастардың оңаша саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлық (әрекет) ережелері
  7. Жемқорлыққа қарсы стандарт жүретін саладағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде, Агенттік қызметкерлері:

1) заңдылық ұстанымын, Конституция талаптарын, Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алуға, жемқорлыққа қарсы заңнаманы қатаң сақтауға;

2) мүдделер қақтығысы туындауының кез келген мүмкіндігіне жол бермеу шараларын қолдануға;

3) жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруын қиындататын әрекетке (әрекетсіздікке) жол бермеуге;

4) өздерінің лауазымдық уәкілеттерін және өзіне байланысты мүмкіндіктерді жеке мүліктік және мүліктік емес пайда табуға пайдаланбауға;

5) жоғары кәсіби қызмет жүргізу үшін бар күшін жұмсауға, қойылған міндеттерді шешудің қолайлы, үнемді және басқа да құзыретті тәсілдерін қолдануға;

6) қызметтік міндеттерін тиімді орындау үшін үнемі өзінің кәсіби деңгейі мен білігін арттырып отыруға;

7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауда қызметін теріс пайдалану, негізсіз бюрократизмге және кеңсешілдік, сондай-ақ дөрекілік және бұрмалаушылық жағдайларына жол бермеуге;

8) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету;

9) жоғары құқықтық және жемқорлыққа қарсы мәдениетті ұстануға және әріптестерінен талап етуге міндетті.  

  1. Өз құзыреттері аясында басқару және басқа да шешімдер әзірлеу және дайындау кезінде Агенттік жұмысшылары:
  2. Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
  3. қызметтік құпияны және құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етуге;
  4. кәсіби (қызметтік) этиканы сақтауға;
  5. өзін басқа тұлғалардың жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға үгіттегенде Агенттік басшылығын, уәкілетті мемлекеттік органдарды жазбаша түрде жылдам хабардар етуге;
  6. еңбек тәртібін мүлтіксіз орындауға, берілген уәкілеттерді тиімді пайдалануға; өзінің қызметтік міндеттерін бұрмалаусыз, адал, сапалы орындауға, жұмыс уақытын ұтымды пайдалануға;
  7. лауазымдық міндеттерін орындау кезінде жеке және заңды тұлғаларға басымдық бермеуге, олардың ықпалынан тәуелсіз болуға;
  8. жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде қызметтік жағдайын мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және басқа да тұлғалардың қызметіне ықпал етуге пайдаланбауға;
  9. үшінші тұлғалардың мүдделерін ұсынудан, тықпалаудан аулақ болуға, олардың атынан әрекет етуден сақтануға;
  10. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне заңсыз араласпауға;
  11. әріптестер мен басшыларға олардың қалтқысыз қызметтік шешімдер қабылдауына әсер етуі мүмкін, өзара қарым-қатынастардың белгіленген тәртібін бұзатын өтініштермен жүгінуден сақтануға міндетті.  
  12. Нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу кезінде Агенттік жұмысшылары:
  13. ішкі құқықтық құжаттардың жобаларын мүдделі құрылымдық бөлімшелерге, сол жобаға келісім алу үшін түсініктеме жазбасын міндетті түрде қосымша ете отырып жіберуге;
  14. ішкі құқықтық құжаттардың жобаларын, олардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру мақсатында заңды сараптама жүргізу үшін құқықтық және кадрлық қамтамасыз ету жөніндегі басқармаға жіберуге міндетті.  
  15. Тіршілік әрекеті саласының ерекшелігіне байланысты туындаған басқа өзара қарым-қатынастар кезінде Агенттік жұмысшылары:
  16. жеке және заңды тұлғалардың құқықтарының, еркіндіктерінің және заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен және мерзімде қарауға және оларға қатысты тиісті шараларды қабылдауға;
  17. бағынышты жұмысшыларға қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адами құндылықтарын кемсітуге, әдепсіздікке, ожарлыққа жол бермеуге;
  18. басшылардың тапсырмаларын орындау процесінде тек объективті әрі сенімді мәліметтерді беруге;
  19. мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, меншіктерді тиімді, ұтымды және тек қызметтік мақсаттарда пайдалануға;
  20. ұжымда іскер қарым-қатынастарды және конструктивті ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға қолғабыс етуге;
  21. өздеріне белгілі болған жемқорлық құқықбұзушылық фактілері туралы басшылыққа немесе уәкілетті органға жылдам хабар беруге міндетті.  
  22. Басқа шектеулер мен тыйымдар
  23. Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасының талаптарын сақтау.
  24. Қазақстан Республикасының заңдарымен беклгіленген шектеулерді сақтау.
  25. басшылықтың олардың лауазымдық уәкілеттері аясында берген бұйрықтары мен тапсырмаларын орындау.
  26. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» № 410-V Заңның 12-бабының 1-тармағының

4) тармақшасына сәйкес, өзінің лауазымдық міндеттемелері мен функцияларын орындағаны үшін заңды және жеке тұлғалардан ақшалай қаражаттар, қызметтер, сыйлықтар, тауарлар немесе басқа тұрдегі сыйақылар алмау.

  1. басқа тұлғаларды жемқорлық құқықбұзушылықтарын жасауға үгіттемеу және жасағаны үшін ынталандырмау.
  2. таратуға жатпайтын қызметтік және басқа ақпараттарды мүліктік немесе мүліктік емес игіліктерді және артықшылықтарды алу мақсатында пайдаланбау.
Директорлар кеңесі
Басшылық

Басқарма төрағасыныӊ м.а.


Кулумбетова Зарина Мерекеқызы

Төраға орынбасары


Тлеукенов Арман Алебекұлы

Корпоративті хатшы


Алина Гүлназ Жолатқызы

Бас бухгалтер


Токмурзина Гульнара Тұйаққызы

Ұйымдастыру құрылымы