ЖАҢАЛЫҚТАР
Арман Тлеукенов Қазконтент Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Арман Тлеукенов "Казконтент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 

Тлеукенов Арман Алебекұлы еңбек қызметін 2005 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ ШҚФ редакторы ретінде бастаған. Медианарықта үлкен тәжірибесі бар: «Қазақстан» РТРК» АҚ – корреспондент,  «Жетінші арна» - корреспондент, ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының директорының орынбасары, ақпараттық бағдарламалар Дирекциясының директоры, «Степной волк» ЖШС мен  «Umbrella» Агенттігінде» бас директоры қызметін атқарды. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.