ЖАҢАЛЫҚТАР
Казконтент Басқарма төрағасының орынбасары болып Жасұлан Өміралиев тағайындалды

Өміралиев Жасұлан "Казконтент" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Өміралиев Жасұлан Анарбекұлы КИМЭП университетін бітірді. Ақпараттық агенттіктер және баспасөз қызметтерінде жұмыс тәжірибесі бар. 2016-2019 жылдар аралығында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде жұмыс жасаған. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.