ЖАҢАЛЫҚТАР
«Жазконтент» - бәрімізді біріктіреді!

ҚР БАҚ қызметкерлері күніне орай 29 маусымда біздің компанияда «Жазконтент» атты ірі корпоративтік фестивалі өтті.

Іс-шара елорданың көрікті жерлерінің бірі, әсем табиғат аясында өтті. Іс-шара бірнеше бөліктен тұрды: біріншісі, ұжымдық рух пен корпоративтік мәдениетті нығайтатын іскерлік ойын мен тренингтер.

Екінші бөлім, компания басшысы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі өкілдерінің құттықтауымен өткен ресми форматтағы мерекелік фуршет. Бұл күні «Қазконтент» АҚ-ң үздік қызметкерлері Алғыс хаттар және төсбелгімен марапатталды.