ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазконтент" АҚ қызметкерлері «Бірге-таза Қазақстан!» акциясына қолдау көрсетті!

Экология Министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Бірге-таза Қазақстан!» экологиялық акциясына еліміздің барлық өңірлері қолдау көрсетті. Акция аясында еліміздің барлық қалаларында сенбілік жүргізілуде. Бұл шарадан "Қазконтент" АҚ ұжымы да тыс қалмай, акцияға қатысты.

70 - ке жуық адам таңертең сағат 9.00-ден Нұра каналының ауданында тазалық жұмыстарын жүргізді. Бір жарым сағат ішінде компания қызметкерлері іргелес жатқан аумақты қоқыстан тазартты.