ЖАҢАЛЫҚТАР
Қайта ұйымдастыру туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.08.2019 жылғы № 631 «Мемлекеттік меншіктердің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, «Қазконтент» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам), БСН 090140006926, өзінің бірігу түрінде қайта ұйымдастырылатындығын хабарлайды.  

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 45-бабына сәйкес, аталған қайта ұйымдастыру Қоғам қызметінің тоқтатылуына әкеледі.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 83-бабы 5-тармағына сәйкес, қайта құрылған қоғамның атауы мен мекен-жайы туралы мәлімет қосымша хабарланады.

Кредиторлардың талап–тілектері осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекен-жайда қабылданады.

Қазақстан Республиксы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы,  Дінмұхамед Қонаев көшесі, 10 ғимарат.

 

 

«Қазконтент» АҚ