ЖАҢАЛЫҚТАР
Баян-Өлгийлік оқырмандарға кітаптарды табыстау рәсімі өтті

Ақтан Бабиұлы атындағы Баян-Өлгий аймақтық орталық кітапханасының 70 жылдық торқалы тойына орай Атажұрттан жолданған рухани байғазы - кітаптарды жеткізіп табыстау рәсімі өтті. Шетелдердегі қазақ диаспораларымен байланыс жасайтын "Отандастар" қоры мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және "Қазконтент" АҚ құрамындағы "Тарих", "Әдебиет порталы" интернет жобаларының бірлескен іс-әрекеті арқылы жүзеге асқан бұл игілікті істің арқасында Баян-Өлгийлік оқырмандар бұған дейін жете қоймаған көптеген құнды жауһарларын кітапхана залвнда оқу мүмкіндігіне ие болып отыр. Және бұл үрдіс ары қарай жалғасын таба берері сөзсіз.