ЖАҢАЛЫҚТАР
"Қазконтент" АҚ қызметкері "Шаңырақ" шығармашылық байқауында жүлдегер атанды

 

 2019 жылдың 13 қараша күні елордада Қазақстан халқы Ассамблеясының «БАҚ және қоғамдық келісім» IV халықаралық медиафорумы аясында журналистика саласындағы «Шаңырақ» шығармашылық байқауы өтті.  Іс-шараға халықаралық сарапшылар мен шолушылар сөз сөйлеп, ақпарат нарығына қатысты өз пікірлерін ортаға салды.

 Форум соңында мемлекет саясатын ақпараттық тұрғыдан қолдауға, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін насихаттауға үлес қосқан журналистерді қолдау мақсатында дәстүрлі «Шаңырақ» республикалық байқауының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

 Айтулы байқауға ұйымымыз - «Қазконтент» АҚ атынан қатысқан «Аssembly.kz» сайтының бас редакторы Руслан Тұрсынбетұлы Беген жүлделі ІІІ орынға ие болып, 150 мың теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. Ол Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласына арналған үздік материал номинациясы бойынша марапатталған.

 Әріптесімізді құттықтай отырып, алдағы уақытта жоғары шығармашылық табыстар мен биік белестерге жетуіне тілектестік білдіреміз!